Үлкенге қарсы келме.
Қазақтың тыйым сөздері
- Үйіңе келсе, үйдей дауыңды айтпа.
- Үлкен адам алдында аяғыңды созып отырма.
- Үлкен кісіге бірінші сәлем беру керек.
- Үлкен кісіге сыртыңды берме.
- Үлкен кісіден бұрын дәмге қол созба.
- Үлкенге «сен» деме.
- Үлкендердің сөзіне араласуға болмайды.
- Үлкеннен бұрын билік айтпа.
- Үлкеннен бұрын төрге шықпа.
- Үлкеннің сөзін бөлме.
- Шақырған жерден қалма.
- Шақырмаса, барма.