Малға зекіме.
Қазақтың тыйым сөздері
- Мал қоршауына шықпа.
- Мал сауатын ыдысты төңкеріп ұстама.
- Мал сауып жатқанда, иесімен сөйлесіп, сауынның жанына келуге болмайды.
- Мал туып жатқанда, жанында адам тұруға болмайды.
- Мал ішінде бөгде адамның жатуына болмайды.
- Малға бас киім лақтырма.
- Малға қан көрсетпе.
- Малға теріс қарап мінбе.
- Малды басқа ұрма.
- Малды бөтен адамға саудыртпа.
- Малды зорықтырып қума.
- Малды қу шыбықпен немесе қабықталған ағашпен айдама.