Мал қораның есігін ашық қалдырма.
Қазақтың тыйым сөздері
- Қызды ұрма.
- Қыран құстарды атуға болмайды.
- Лас қолыңмен нанды ұстама.
- Майлы тамақтан соң, суық су ішпе.
- Мақтанба.
- Мал қораға түнде от алып кірме.
- Мал қораның сыртында болмаса, ішінде ысқыруға болмайды.
- Мал қоршауына шықпа.
- Мал сауатын ыдысты төңкеріп ұстама.
- Мал сауып жатқанда, иесімен сөйлесіп, сауынның жанына келуге болмайды.
- Мал туып жатқанда, жанында адам тұруға болмайды.
- Мал ішінде бөгде адамның жатуына болмайды.