Өзгенің алдындағы асқа сұғынба.
Қазақтың тыйым сөздері
- Отқа су құйып сөндірме.
- Отқа түкірме.
- Отпен ойнама.
- Оттықты жақпа.
- Ошақтағы отты үрлеп сөндірме.
- Өз басыңа лайық емес сөз айтпа.
- Өзіңде жоққа мақтанба.
- Өзіңді зор санама.
- Өзіңді қорсынба.
- Өзіңе ұнамағанды өзгеге теліме.
- Өлген адамға дауыс көтеріп жылағаннан кейін бет-қолды жумай тамақтан дәм татуға болмайды.
- Өлген адамның ақымын өзінен үлкен етіп қазуға болмайды.