Қызды ұрма.
Қазақтың тыйым сөздері
- Қыз балаларға дөрекі сөз айтуға болмайды.
- Қыз баланы босағаға отырғызба.
- Қыз баланы жасқама, ұялтпа, ұрма.
- Қыз ұлдың, ұл қыздың киімін кимесін.
- Қызға ер баланы тебуге болмайды.
- Қызды қырық үйден тый.
- Қыран құстарды атуға болмайды.
- Лас қолыңмен нанды ұстама.
- Майлы тамақтан соң, суық су ішпе.
- Мақтанба.
- Мал қораға түнде от алып кірме.
- Мал қораның есігін ашық қалдырма.