Малды сауған соң, қол жумай тұрып, қол беріп амандасуға болмайды.
Қазақтың тыйым сөздері
- Малға қан көрсетпе.
- Малға теріс қарап мінбе.
- Малды басқа ұрма.
- Малды бөтен адамға саудыртпа.
- Малды зорықтырып қума.
- Малды қу шыбықпен немесе қабықталған ағашпен айдама.
- Малды шошытпа.
- Малдың аяғын бумай, бауыздама.
- Малдың бітіміне, сүттілігіне сұқтанба.
- Малдың кемшілігін көзінше айтпа.
- Малдың сүйегін баспа.
- Малдың сүйегін отқа жақпа.