Малды зорықтырып қума.
Қазақтың тыйым сөздері
- Малға бас киім лақтырма.
- Малға зекіме.
- Малға қан көрсетпе.
- Малға теріс қарап мінбе.
- Малды басқа ұрма.
- Малды бөтен адамға саудыртпа.
- Малды қу шыбықпен немесе қабықталған ағашпен айдама.
- Малды сауған соң, қол жумай тұрып, қол беріп амандасуға болмайды.
- Малды шошытпа.
- Малдың аяғын бумай, бауыздама.
- Малдың бітіміне, сүттілігіне сұқтанба.
- Малдың кемшілігін көзінше айтпа.