Нанды баспа, жерге тастама, рәсуа етпе.
Қазақтың тыйым сөздері
- Молада дәрет сындыруға, мал жаюға болмайды.
- Моланы саусағыңмен көрсетпе.
- Моланың басында жүрелеп отырма, тізелеп отыр.
- Мүгедек адамды мазақтама.
- Мүрдеге топырақ салғанда, күректі табаныңмен баспа.
- Намазды бөлме.
- Нанды бір қолмен үзбе.
- Нанды қоқысқа төкпе.
- Нанды лақтырма.
- Нанды төңкеріп қоюға болмайды.
- Нанмен ойнама.
- Нанның ұнтағын тастама.