Қыз ұлдың, ұл қыздың киімін кимесін.
Қазақтың тыйым сөздері
- Құран оқығанда түрегеп тұрма.
- Құранды жерге тастама.
- Құстың ұясын бұзба.
- Қыз балаларға дөрекі сөз айтуға болмайды.
- Қыз баланы босағаға отырғызба.
- Қыз баланы жасқама, ұялтпа, ұрма.
- Қызға ер баланы тебуге болмайды.
- Қызды қырық үйден тый.
- Қызды ұрма.
- Қыран құстарды атуға болмайды.
- Лас қолыңмен нанды ұстама.
- Майлы тамақтан соң, суық су ішпе.