Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

«Айқапқа»

Міржақып Дулатұлы · 1885–1935 · 60 жол

Екі жылды зарменен
Вткізді журнал «Айқабың».
Алашты тегіс аралап,
«Айқабым», жайын байқадың.

Оңына жұрттың сүйініп,
Теріске басты шайқадың.
Алабыңа жиылды —
Білгіші һәрбір тайпаның.

Мұң-мұқтажды күзеттің
Көрсетіп өрнек байтағын.
Оқушың отыр құмар боп,
Тағы да бар ма айтарыңө

«Айлық жүріс алыс» деп,
Айында екі шыққаның.
«Шабандық ерге намыс» деп,
Вз борышыңды ұққаның.

Жүрек қанын, көз жасын
Қайнаттың қозғап жұрт қамын.
Түзу жолға салам деп,
Адасып теріс ыққанын.

Хақиқатты тура айтып,
Жасқанып, жасып бұқпадың.
Аз пұлменен көп қайрат
Көрсеттің ерлік, сырттаным!

Қазақтан шыққан жүйріктер
Көрсетті көзге шабысын.
Қаламы өткір білімпаз
Шашты алысқа дабысын.

«Алаш!» деп ұран шақырды,
Жұртының жоқтап намысын.
Жарқырап жанған жұлдыздай,
Ұқтырып айқын һәр ісін.

Көңілі жабық, көзі көр
Білсін қайдан мәнісінө
Жолбасшы болған заттарға
Абырой, бақыт дарысын!

Жомарттықта бірінші
Орын алған ел едік.
Үш теңгеден өлмеспіз,
Кел, мырзалар, берелік!

Білгіштердің соңынан
Шұбырып біз де ерелік.
Газеттің сөзі ертегі —
Ерігіп жазған демелік.

Толықсып кеше тұрғанда —
Біз кімдерден кем едікө
Кеміткен — жауыз надандық,
Надандықтан безелік!

Газет-журнал оқысаң,
Көзіңді, қазақ, ашасың.
Дүние халін білмесең,
Ілгері қалай басасыңө

Игілік жолдан тартынба,
Бекерге де шашасың.
Внер-білім тістей ме,
Шегініп неге қашасыңө

Сарғайып жатқан бір ғаріп
Жіберді жазып батасын.
Халыққа шашып жемісін
Жасасын «Айқап»! Жасасын!!

Міржақып Дулатұлы өлеңдері

Барлық 89 шығарма

Басқа ақындардың өлеңдері