Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Жоғалған қыз

Міржақып Дулатұлы · 1885–1935 · 16 жол

Тұманды қоңыр бір күнде
Жоғалып шықты сұлу қыз.
Қараңғы түн және өтіп,
Таң атып, болды һәм күндіз.

Бұл таңнан бізге не пайда,
Табылған жоқ әлі сұлуымыз.
Бүтін елден бір адам
Көрсейші жоқтан һешбір із!

«Ұрлады ғой өлім», — деп,
Қайғырып жастар қылды сөз.
Іздесе де жабылып,
Болмады бұған ешкім кез.

Ұрысы мағлұм сөйтсе де,
Тіпті үмітсіз емеспіз.
Іздесе жоқты кім таппас:
Взі — біреу, ие — жүз.

Міржақып Дулатұлы өлеңдері

Барлық 89 шығарма

Басқа ақындардың өлеңдері