Гүл
Міржақып Дулатұлы · 1885–1935 · 17 жол
(Пушкиннен)
Кітаптың арасында ұмыт қалған
Иіссіз кепкен гүлді көзім шалған.
Тоқталып біразырақ сонда менің
Мінеки, қиялдарым ойыма алған:
Қайда өстіңө Қай уақыттаө Қайсы жаздаө
Кескен кімө Көгердің сен көп пе, аз баө
Жақынның яки жаттың қолыменен
Салындың не себептен сен осындаө
Қызыққа қосылысып молыққанда,
Айырылған белгісі ме торыққандаө
Оңаша сахарада сайран етіп,
Ағаштың саясында жолыққанда.
Жүр ме екен сол екі жас әлі тірі,
Қайда екен бейшаралар осы күніө
Болмаса кеуіп, семіп қалды ма екен,
Белгісіз мынау гүлдей болып түріө