Тұңғыш құрбан
Міржақып Дулатұлы · 1885–1935 · 37 жол
Мынау кім жатқан, әлеумет,
Жас қабірді жамылыпө
Мұнша ардақты кім еді,
Тұрсыңдар бәрің жабығыпө
Жалғызы ма еді бұл елдің,
Тілеп алған зарығыпө
Байы ма еді бұл елдің,
Құрметтейтін жабылыпө
Бек пен бидің бірі ме еді,
Жылардай жұрты сағыныпө
Ханзада яки сейіт пеө
Қарашы шулар қамығыпө!
Жоқ, әлеумет,
Бұл жатқан:
Жалғыз да емес,
Бай да емес,
Би де емес,
Бек те емес,
Сейіт те емес,
Хан да емес, —
Бусанып жатқан жас қабір...
Иесін мұның айтайын:
Мақсаты — ұлттың жолына,
Туын ұстап қолына,
Жас ғұмырын пида еткен,
Жар-жолдасын күйзелткен,
Алаштың адал баласы,
Армансыз өлген данасы!
Жүректен жалғыз оқ тиген,
Жаза баспай дөп тиген.
Алаштың бұл құрбаны —
Аяулы жолдас,
Қази жас!
Қош, бауырым, жолдасым!
Армансыз сенің өз басың.
Қабыл болып құрбаның —
Алашты Құдай оңдасын!