Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Міржақыптың қайтарған жауабы

Міржақып Дулатұлы · 1885–1935 · 12 жол

Көке аға, осы күнде мен жаспын ғой,
Жай-күйіңді біле алмай адастым ғой.
Көп жылдар мешеу қалған халық үшін
«Алаш» деп, «бәлшебек» деп таластым ғой.

Ал, Көке, жазған сөзді кешіріңіз,
Жариялатпай қатесін өшіріңіз.
Жаңа заң, жаңа үкімет түсініпсіз,
Аяқты ұзын көлбеп көсіліңіз.

Халел мен Ахаңдарға жоқ айтыңыз,
Аз емес, білгеніңді көп айтыңыз.
«Жолына бәлшебектің түсіндім», — деп,
Халықтың тілектесін молайтыңыз.

Міржақып Дулатұлы өлеңдері

Барлық 89 шығарма

Басқа ақындардың өлеңдері