Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Намыс құрбанына

Міржақып Дулатұлы · 1885–1935 · 21 жол

(Марқұм Сүлеймен Бижанұлына бағыштадым)

Сен жоғыңда бұ жалғанда,
«Жалған олқы!» дейді кімө
Сен келгенде арамызға,
Қанша орасан толды кемө

Қайтып едің қалыбыңа,
Бар ма нәрсе өзгергенө
Сен бір сыншы көрейін деп,
Сұм жалғанға кез келген.

Бар жолдасың бойыңдағы —
Ар-иманың, намысың.
Не қылайын деп едің сен,
Бұ жалғанның табысын!

Намысыңа тиіп еді,
Қылдың құрбан мал-жанды.
Ата-анаңды, аға-інің мен
Елі-жұртың, жалғанды.

Мен де жаңа білдім енді,
Ер жігіттің сымбатын.
Білдіруге келгеніңді
Ар-намыстың қымбатын...

Міржақып Дулатұлы өлеңдері

Барлық 89 шығарма

Басқа ақындардың өлеңдері