Зар заман
Міржақып Дулатұлы · 1885–1935 · 27 жол
Кез болған соң кер заман біздің баққа,
Жау жарағын асынып, міндік атқа.
Ел бастайтын ерлерге бұл бір зор сын,
Жаңа талап, жас ұлан, қарап жатпа.
Заман-ай!
Қайырмасы:
Азаматы алаштың,
Аттанатын күн туды.
Тұлпар мініп, ту ұстап,
Баптанатын күн туды.
Ел бастайтын қайдасың, көсемдерімө
Сөз бастайтын қайдасың, шешендерімө
Тәуекелге бел байлап, бастап топты,
Тигізбесін жұртқа жау кеселдерін.
Заман-ай!
Қайырмасы:
Бай, қайдасың, ортаға малыңды сал,
Азды-көпті аямай барыңды сал.
Жаны тәтті жақсылар, қайдасыңдарө
Мұсылманның жолына жаныңды сал.
Заман-ай!
Қайырмасы:
Ел қорғайтын қайдасың, батырларымө
Влең, күйдің шебері ақындарымө
Азаматтың міндеті — елді қорғау,
Төнгелі тұр басыңа күшті толғау.
Заман-ай!