Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Көкбайдың хаты

Көкбай Жанатайұлы · 80 жол

Влеңмен мені біреу жамандаған,
Сөйтсе дағы ретін таба алмаған.
Әйтеуір, жамандаудың жөні осы деп,
Анық кінә қоймаған, табандаған.

Жазығым — бірнеше жыл бала оқытып,
Бұл күнде оқытудан шабандаған.
«Не себептен оқуды тастадыңө» — деп,
Жөн емес пе тексеріп, адалдаған.

Бір өлеңге мінімнің бәрін терген,
Мін емес жерлерімді мін деп көрген.
Нысананы дәл басқан мерген қайдаө
Ақбөкен деп қарды атқан аңғал мерген.

Әлінше жамандап-ақ жазған екен,
Влеңмен сау жерімді қазған екен.
Осыған «оқыған» деп ат қойғаны —
Заманды бақа сорып азған екен.

Мен салдым мешіт пенен медресе,
Бала жинап оқыттым әлденеше.
Пенделік мойнымдағы борышым ғой,
Білгенімді білдірмек әсіресе.

Неше жыл азаптандым қылып еңбек,
Білімсіз сөзге түсіп қашқан Көпбек.
Менен бұрын талай жан арпалысқан,
Мүмкін бе бір кісіге көпті жеңбекө

Жиырма жыл солармен арпалыстым,
«Бала оқыт, жинап бер», — деп көп қарыстым.
Жалғыз үні, жаяудың шаңы шықпас,
Түк пайдасы болмады ат жарыстың.

Үй бердім, баласына тамақ бердім,
Ақы алмай барлығына сабақ бердім.
Аяғында солардың көбі қашты,
Бірлі-жарым болмаса талапкердің.

Абай марқұм ескіге ермеуші еді,
Ескіні онша тәуір көрмеуші еді.
«Мысырдан төте жолмен оқу шықты,
Сол қашан келедіө» — деп шөлдеуші еді.

Взімнің жасым кәрі, жүрегім жас,
Іштегі айтпасам да болады паш.
Абайдан құлағыма бұрын тиген —
Дүние болады деп бір тайталас.

Дүние ескі жолмен оңалмайды,
Жаңаға ескі қожа бола алмайды.
Жуан кеуде ұлықтар түгесілмей,
Әділет орнына қона алмайды.

Мінеки, соны айтқанға бірнеше жыл,
Уақыты өткен нәрсенің бәрі де — тұл.
«Оқымаған заманнан оқиды» деп,
Пайғамбар қадис айтқан, оны да біл.

Адамды түзетпейді кісі билеп,
Адамның екі қолы өзіне инек.
Ғаламға ақыл патша болған күнде,
Теп-тегіс адамзатқа есе тимек.

Сонша болмай дүние жаңалайды,
Жаңа жеңіп, ескілер шамалайды.
Ескінің көнгендері аман қалып,
Көнбегені мейлінше жараланды.

Сонымен мен түсіндім жаңалыққа,
Жаспенен кіріспедім алалыққа.
Түзу жол дүниедегі жалғыз-ақ сол,
Басқа жол іздегенмен табылып паө

Босаттым медресемді мұғалімге,
Берейін иесі сол, енді кімгеө
Медресе мұғалімге орын болып,
Қонағым қарық боп тұр осы күнде.

«Замана замандасқа жағын, — дейді, —
Күнбе-күнгі тағдырға бағын, — дейді. —
Бүгінгі ой ертеңгіге жарамайды,
Таппасаң мезгіліңнің бабын, — дейді. —

Адамзатты билейді заманасы,
Жүр деген соқпағынан табыл», — дейді.
Жазғаным — замандасқа жағынғаным,
Маған бұл жамандаушы не қыл дейді.

Екеуміз сынатайық ағайынға,
Сондағы айтар дауыңды тағайында.
Сен сөкті деп ескіше бала жинап,
Көшкен жұртқа қаңғырып лағайын баө

Шырағым, өзің қаңғыр, менен аулақ,
Жамандасаң жаманда мені жаулап.
«Сөйлер білмес ауыз» деп мен айтпаймын,
Айта бер өз көңіліңді өзің аулап.

Міржақып Дулатұлы өлеңдері

Барлық 89 шығарма

Басқа ақындардың өлеңдері