Қайда едің?
Міржақып Дулатұлы · 1885–1935 · 44 жол
Кешегі қара күндерде,
Жұлдызсыз, айсыз түндерде,
Жол таба алмай сенделіп,
Адасып алаш жүргенде,
Бұл күнгі көп көсемдер,
Сұраймын, сонда қайда едіңө
Ақыл таппай дағдарып,
Жанашыр таппай сандалып,
Барарын қайда біле алмай,
Жүрген бір күнде сан ғаріп —
Есепсіз көп шешендер,
Жөніңді айтшы, қайда едіңө
Сарыарқа сайран жерлерім,
Көк орай шалғын көлдерім,
Асқар тау — биік белдерім,
Бәрін жауға алдырып,
Қысылып қазақ тұрғанда,
Данышпандар, қайда едіңө
Атадан бала айырылып,
Қанаты сынып қайырылып,
Қасірет толып жүрекке,
Тұрған бір кезде қайғырып,
Толып жатқан қамқорлар,
Елде жоқ едің, қайда едіңө
Құландай үркіп елдерің,
Қалдырып мекен жерлерін,
Жаяу-жалпы, жалаңаш,
Қатын-бала, ерлерің
Аштықтан қырғын тапқанда,
Сыпыра жомарт, қайда едіңө
Кедейдің сорын қайнатып,
Майданға жасын айдатып,
Тіл жоқ, көз жоқ, басшы жоқ,
Влімге басын байлатып
Жіберерде, жаным-ау,
Жанашыр жақын, қайда едіңө
Енді бүгін кім жаманө
Данышпан емес, кім наданө
Қамқор емес, кім жауызө
Жомарт емес, кім сараңө
Көсем емес, кім жалтақө
Шешен емес жоқ адам.
Бәрі білгіш, бәрі де ер —
Жеткіздің, Алла тағалам.