Балдызға
Міржақып Дулатұлы · 1885–1935 · 16 жол
Сәлем жаздым балдызға
Осы ауылда кез келіп.
Қазақшылық ғұрпында
Бар ғой деп хақым жезделік.
Бұрын солай болушы ед,
Кетпесе заман өзгеріп.
Жатсынбасаң, Жәнима,
Бізде болмас өзгелік.
Сен бір бұлбұл сайраған,
Бұл өнерің білінді.
Жақсыға құмар жездеңе
Естіртші бүгін үніңді.
Бір көргеннің бірімін,
Мұндай гүлді кім көргенө
Мадақтауға сипатын
Бармай тілім күрмелген.