Ақмұхаммедке
Міржақып Дулатұлы · 1885–1935 · 8 жол
Ақмұхаммед, заманның
Түрі осылайша болып тұр.
Іле алмай сұңқар қу маңғаз
Тұғырға құзғын қонып тұр.
Ақ жүрек талып, жауыздық
Егіні пісіп өніп тұр.
Жайған торға жауызды
Бір Құдай, өзің жолықтыр.