Алаш партиясына қосылмаған ақынға
Міржақып Дулатұлы · 1885–1935 · 48 жол
Ертеде Бозша деген ел болыпты,
Мекені Тұңғыш деген бел болыпты.
Взі — ғалым, Құдайдың үйін көрген,
Бозбай деген сол елде ер болыпты.
Жасынан талапты боп атқа мінген,
Жақсының жолдас болып қасына ерген.
Екі дүние сауабын алмақ үшін
Еліне мешіт, мектеп салып берген.
Күңіренген мектебінде шәкірт оқып,
Көңіліне ғылымды алған тоқып.
Мешітке сыймай кеткен тақуалар
Тәубе ғып күнәсінен, қақтан қорқып.
Халықты тура жолға салған — Бозбай,
Уағыздап шариғаттан кеңес қозғай.
Әлеумет жарықтыққа сүттей ұйып,
Бәйге алмас мұнан артық ешкім озбай.
«Сонымен бірталай жыл өткен, — дейді, —
Атанған Бозбай абыз көптен, — дейді, —
Құдайдың құдіреті емес пе бұл:
Бозекең абыройын төккен, — дейді.
Сәлдесі әлдеқайда қалған, — дейді, —
Мешітке бір сопы жоқ барған, — дейді. —
Мектебі де жабылған әлдеқашан,
Жұрт бұған таң-тамаша қайран, — дейді.
Уағызы дауға айналып кеткен, — дейді, —
Кәсібі айып алу еттен, — дейді. —
Бұрынғы әбүйірдің бірі де жоқ,
Бұл күнде жасы алпысқа жеткен», — дейді.
Взіне «мешкей» атақ ілініпті,
Бұл мінез жұртқа тегіс білініпті.
Күніне екі-үш мезгіл ет жейтін боп,
Вткізген енді солай тірілікті.
Көрші ел Бозекеңнің момын екен,
Сол елді Бозбай қасқыр торыр екен.
Арық тоқты сойса да, айып алып,
Ет үшін арын сатқан обыр екен.
Көз жасы момын елдің көл болыпты,
Ел жегіш Бозбай деген ер болыпты.
Айырылып адамшылық қасиеттерден,
Алымын араз-татуы бір болыпты.
Амал жоқ, кедей сорлы көнеді екен,
Бозбайға не тілесе береді екен.
Болмас іске ат пен тон айып алып,
Мирас боп сол Бозбайдан келеді екен.
Япырым-ай, мешкейлік те өнер екен,
Момынды жеуге Бозбай шебер екен.
Нашарға болысатын бәлшебектің
Осыған үкіметі не дер екенө