Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Қара құс һәм адам

Міржақып Дулатұлы · 1885–1935 · 46 жол

(Айтыс)
Қара құс:
Жалғанға патша баланған,
Данышпан ізгі саналған.

Аллашыл әділ адамнан,
Қайдан шықты бұл мінезө!
Адам:
Тексеретін сен емес!

Ескеретін мен емес!
Саған адам тең емес,
Маңайымнан жоғал тез!
Қара құс:

Атам менің — қара құс,
Взім — қырғи бала құс.
Тояттармын болып тұс,
Жемтігіңе келдім кез.

Адам:
Айтқанымды кектесең,
Оқ жалынсын кетпесең!
Сырғыш қанат етпесем...

Адамға серт айтқан сөз!
Қар құс:
Қорқытқаның осы маө
Дегенім ғой «шошыма».

Жүрмесін жетпей досыңа,
Оғыңды сақтап, сонан без!
Адам:
Жауласармыз, тынармыз,

Балдан тәтті тұрармыз.
Сонда сені қуармыз,
Қаражүрек, қанды көз.
Қар құс:

Жауыздығың болды паш,
Жақсылыққа жаның қас.
Ойламаймын қыла алмас,
Қам қылармын мен де ілез.

Адам:
Жазбен бірге жаңғырып,
Көңілге нұр, жан кіріп.
Біз біткенде қаңғырып

Жоғаларсың сен өзің.
Қар құс:
Біз де тойда болармыз,
Кеудеңе барып қонармыз.

Қара құс біткен тоярмыз,
Мейлің тула, мейлің төз!

Міржақып Дулатұлы өлеңдері

Барлық 89 шығарма

Басқа ақындардың өлеңдері