Алашқа
Міржақып Дулатұлы · 1885–1935 · 50 жол
Көк майса бетегелі жерің қайдаө
Күмістей толқындаған көлің қайдаө
Ың-жың боп жер қайысқан төрт түлікпен
Жөңкіліп, көшіп қонған елің қайдаө
Көтерген ақ киізге ханың қайдаө
Қиғаш қас, бидай өңді ханым қайдаө
Түнерген сыртқа айбынды іргең бүтін,
Бір кезде басқа қонған бағың қайдаө
Қақ жарған қара қылды биің қайдаө
Ақ орда би түсетін үйің қайдаө
Салтанат Сарыарқада құрған, қазақ,
Толықсып жүрген кеше күнің қайдаө
Шаң жұтқан текежәуміт атың қайдаө
Қалдырмас жауға тастап жақын қайдаө
Ұшқыр ат, түзу мылтық, болат найза,
Киінген көк дулыға батыр қайдаө
Қамығып қанға толған жүрек қайдаө
Бұрқ еткен бір ауыздан тілек қайдаө
Жаяуға ат, жалаңашқа киім болып,
Қарасқан нашарыңа көмек қайдаө
Бермейтін ел намысын ерің қайдаө
Сүйенер қысылғанда белің қайдаө
Вйткені айтқаны екі болмайтұғын,
Асыл зат артық туған бегің қайдаө
Шалдырмас топтан тура шешен қайдаө
Ұлықпен ел бастаған көсем қайдаө
Қазағым, қазақшылық қалпыңменен
Даңғыл жол сайрап жатқан көшең қайдаө
Кемеңгер дұғалы ауыз кәрі қайдаө
Дертіңе шипа болар дәрі қайдаө
Масайрап кімге сеніп қарысасың,
Жауап бер, осылардың бәрі қайдаө
Жауап сол: өткен дәурен қайта келмес,
Қаншама өксігенмен, тағдыр көнбес.
Бұл күнгі қарашыл қарт, парашыл би
Вткендер келгенмен де орын бермес.
Сөйткенмен, қазақ көшін оңға бастап,
Жүруді өздігінен тағы білмес.
Мейлің көн, мейлің жыла соңғыларға,
«Қайтсін-ай, қамықты-ау!» деп көзіне ілмес.
«Ішкен мас, жеген тоқтың» заманы бұл:
Ашыққан, ашынғаның түкке жүрмес.
«Малқұмар, малдың құлы» деген ақын,
Кім қақса «жемтігінен» — соған күндес.
Алашым, айтқанды алсаң, без бұлардан:
Еш нәрсе тәуіп бермес, білгенге ермес.
Қой бағып қасқыр қашан опа қылған,
Көре бер өз бетіңмен күніңді өлмес.
Қайраған қолдан келмес іске әуре боп,
Қорлыққа, тілімді алсаң, болма кездес!