Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Мен азатпын, сен де азат!

Міржақып Дулатұлы · 1885–1935 · 48 жол

Толғағы жетіп ананың,
Туар кезі баланың

Болғанда бақан құрылған.
Ұл ма, қыз ба шабарын,
Бақыттың жанарын

Бал ашқан анам бұрыннан.
Шыр етіп даусым шығыпты,
Лез екен сүтті біліпті

Кіндік шешем айтқанда.
Қатындар сонда ұмытты,
Олжа жемек үмітті,

«Адыра қал!» деп қайтқанда.
Жас бала едім —
Күнәсі жоқ жан едім,

Емген анам ақ сүтін.
Періштеден мен пәк едім,
Ақ қағаздан мен ақ едім,

Қайғым да жоқ мақсұтым.
Сонда-ақ мені малға беріп,
Я бір мақау жанға беріп,

Байымақ болған ата-анам.
Малы көп бір шалға беріп,
Я қатыны барға беріп,

Жетіспек болған жан ағам.
Сонан бері мен кім едімө

Мен, бір, әрине, күң едім,
Жүректен шерім кетпеген.
Вскен сайын қайғы жедім,
Қам көңілді, қайғылы едім,

Тілекке бір жетпеген.

Әне, құзғын... Міне, әкетед...
«Мал бердім» деп дік-дік етед

Деп тұрғанда жасаған!
Сұм жүрегім дүп-дүп етед...
Жарық сәуле жалт-жұлт етед

Жақсылыққа ұсаған.
Сезген екен сұм жүрегім,
Болды, міне, тілегім —

Бостандыққа жетті әйел!
Вз теңіммен өмір сүрем,
Сүйгеніммен ойнап-күлем,

Ерменен тең, тегі — әйел.
Бұрынғыдай біздей кемді,
Соры қалың енді әйелді,

Қорламас жас азамат.
Теңгерілер заман келді,
Қазақ қызы, теңел енді,

Мен азатпын, сен де азат!

Міржақып Дулатұлы өлеңдері

Барлық 89 шығарма

Басқа ақындардың өлеңдері