Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Түлкінің жақсылығы

Мысал әңгімелер · 1 мин оқу

Бір мерген бір құсты атып алыпты. Оның үш балапаны ұясында жетім қалыпты. Олардың шырылдаған дауысын естіген түлкі ағаш түбіне келіпті де, жаны ашыған бейнеде:

—Ей, сорлы жетімдер-ай, сендер қайтып күн көрер екенсіңдер,—деп бір тұрыпты да, онан соң басқа аң-құстарды оларға жем тастауға шақырыпты. Көкекті мамық жүнін беру ге, бозторғайға тамақ іздеуге, сары мойынды олардың қасын да болуға, қарлығашты маса, шыбын әкелуге, сандуғашты ән шырқап олардың көңілін көтеруге бұйырыпты. Түлкінің бұл жақсы көңіліне аң-құстың бәрінің көңілі босапты. Сөйтіп тұрғанда аштыққа шыдамаған үш балапан ағаш басынан жерге қона қалыпты. Сонда жетімдерді аяп сауаптық іс істегелі тұрған

әлгі түлкі үш балапанды лып еткізіп қылғи салыпты да, зытып беріпті.

Мысал әңгімелер

Барлығы: 47 мысал

Тағы оқыңыз