Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Жұбаныш (9-бөлім)

Қырымның қырық батыры · Мұрын жырау Сеңгірбекұлы нұсқасы (2-нұсқасы) · 1 мин оқу

«Жау келеді» деген жоқ,
Бұл ындыстың ойында.
Шұбырды ындыс баласы,
Көп екен оның қарасы.
Көп те болса, не қылсын
Келмейді оның шамасы.
Айдады қуып жеріне,
Жеткізем деп еліне,
Жалаң аяқ, жалаң бас,
Қолдарын байлап, айдады.
Жүрді қатты аяңдап,
Тұрмады жерде баяндап.
Күні-түні жүргізіп,
Ындысқа тыным бермеді.
Бір күндері келеді,
Үш Қиянның бойынан
Ноғайлының көрді қарасын,
Елінің көрді шамасын.
Жесір менен жебірдің
Елі көрді қарасын.
Жұбаныш жүрді ілгері,
Барайын деп, хабарға.
Анасына жолығып,
Сәлемдесіп қаларға.
Жерінің жазық даласы,
Ішінде оның бар екен
Бес жасар Сүйініш деген баласы.
Ауылға жақын келгенде,
Алдынан шықты анасы,
Ол құшақтап баласын.
Сонда Жұбаныш сөйледі:
—Артық туған анамыз,
Ақылы асқан данамыз!
Дені сау ма, қарт ана,
Қолыңда тұрған балаңыз.
Астана халқым аман ба?
Барған жерім ындыстың
Тобылғылы тау еді,
Шүкір, денім сау еді.
Ындыс ханын өлтіріп,
Айдадым қатын-баласын,
Тартып алдым қаласын,
Жетім мен жесір айдадым,
Анау—соның қарасы.
Кемпір сонда сөйледі:
—Сау-саламат келдің бе,
Жұбанып көрген қарағым,
Омыртқада жұлыным,
Немере туған құлыным?!
Жазық құба дөңіңіз,
Тап өзіңіз көргендей
Мұнда қалған еліңіз.
Бұрынғыдай түзелді,
Сіздер қайтып келгесін,
Қарағым, енді бұл заман.
Біз—тұрған анаңыз,
Қолымда тұрған, қарағым,
Мынау Сүйініш балаңыз.
Алдыңа алып, сүйінші,
Сүйініп көрген балаңыз.
Атының басын бұрады,
Жақындап батыр, сұрады:
«Берсең, берші, ана»,—деп,
Қолына алып тұрады.
Біразырақ қыдырып,
Ат үстінде жүреді.
«Енді мынау бала,—деп,
Балаңды алшы, ана»,—деп,
Атынан түсіп жазыққа,
Ат байлады қазыққа.
Екі бірдей шәрді алып,
Келген жері осы еді.

Қырымның қырық батыры

Барлығы: 153 жыр

Тағы оқыңыз