Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Көгіс, Тегіс (4-бөлім)

Қырымның қырық батыры · Мұрын жырау Сеңгірбекұлы нұсқасы · 1 мин оқу

Әкеліп тауға, қамады,
Қамаған соң қалмақтар
Аттан түсе қалады.
Қашты қалмақ еңбектеп,
Былғанып жерге, көлбектеп.
Қайтсе дағы жоқ дүниеде,
Тіріден қиын өлмек-ті.
Бұтаны жүр тасалап,
Көтеріп басын елбектеп.
Сүйтіп қалмақ жүргенде,
Талайын соның өлтірді,
«Міне, саған өлмек!» деп.
Сонда бірі қалады,
Бақадайын тырбиып,
Өрмелеп тауға барады.
Сонда тұрып Ер Тегіс,
Садағын қолға алады,
Керіп алып, тартады,
Қалмаққа сонда жетеді.
Оқ қалмаққа жеткен соң,
Кеудеден шығып шыбын жан,
Құмары иттің тарқады.
Қалмақты қырып болған соң,
Қалмақтың салған қалаға
Екі батыр тартады.
Жеңген соң ерлер қалмақты,
Астына мінген тұлпар-ды,
Ұмытып кетіп жортақты,
«Жанына тыныш болсын» деп,
Торыша мен Көк тұлпар
Жорғасымен серпеді.
Қалаға таман келген соң,
Сыртындағы қаланың
Өлтірді иттің нешеуін.
Қиратты иттің есігін,
Өлтірмеген тек қалды
Кемпір-шалы, мешеуі,
Баласы мен қалды шағасы.
Бұрынғы күні қайда-ды,
Аяғына батып тас,
Қалмақтың соры қайнады.
Күндіз-түні жол жүрді,
Есебі жоқ мол жүрді.
Өтіп таудан барады,
Және жақын келеді.
Ұзын бұлақ, көлдерге
Сиыр менен жіберді,
Су ішіріп алады.
Суарылып болған соң,
Және кетіп барады.
Бір мезгілдер болғанда,
Еліне сонда салады.
Жесір менен малдарды,
Елге барып, береді.
Атасы көріп бұл ісін,
Баласы қасына келген соң,
Ұлан-асыр той қылды,
«Қарағым жігіт болды деп,
Қатарыма енді деп,
Елдің қамын білді деп».

Сонан соң той тарап, халық бұрынғы халінде өте береді.

Қырымның қырық батыры

Барлығы: 153 жыр

Тағы оқыңыз