Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Шора (9-бөлім)

Шора · Мұрын жырау Сеңгірбекұлы нұсқасы · 2 мин оқу

Қыз-келіншек бетін ашып,
Көре алмай, қатарына ереді.
Сегіз қанат орданың
Қатарына үйі қонады.
Ол үйлердің жіптері
Шұға менен зер болды.
Нәрік ханның үйімен
Ханжанның үйі тең болды.
Отау тігіп қонады,
Үш күндей той қылады.
Қара Ноғай жиналып,
Бірі кетпей тұрады.
Ат шаптырып, той қылып,
Шаптырып оның бәйгісін,
Алды оннан құл болды,
Арты бесеу бұл болды.
Оның арты үш болды,
Құлдарға сондай күш болды.
Олжаға Ноғай баласы
Құлды қоса айдады.
Артында палуан тұрғызып,
«Балуан бәйгесі болсын» деп,
Бұл күйінде соған байлады,
Құл мен күңнен бәйге еткен.
«Енді қайда кетем» деп,
Құл мен күң жаман қайғы еткен.
Бұрын соңды болса да,
Ноғайлыда жоқ екен,
Адам тігіп бәйге еткен,
Нәрік хан осылай іс еткен.
Құлыншақ асыл ер еді,
Қош айтысып Құлыншақ,
Аулына қайтып жөнелді.
Шорадайын еріңіз
Құлыншақты шығарып,
Бір көрінім жерге дейін
Артынан бірге еріп жүреді.
—Мынау тұрған көп малды
Керек болса, Құлыншақ,
Ешбіреуін тастамай,
Бәрін сыпырып ал,—деді.
Қияметтік досым-ай,
Жалған емес осым-ай.
Қарғадайдан ант беріп,
Көңілді қойдық қосып-ай.
Жеңгеме барсаң, сәлем айт,
Аман барсаң сен,—деді.
Бір айдан, батыр, кеш қалма,
Отыз күнге толғанда,
Ордаға біздің кел,—деді.
Құлыншақ мінген кер еді,
Артық туған ер еді.
—Қош аман бол, досым-ай!
Қайтып үйге келгенде,
Нәрік сонда сөйледі,
Сөйлегенде не деді:
—Перзентім, туған Шорасың,
Жас та болсаң, Ер Шора,
Талайдың көрдің шамасын.
Келмей кетсе Құлыншақ,
Емес пе сіздің ағаңыз?
Жетпеді ме беруге,
Шора, жинаған қазынаңыз?
Қияметтік досыңа
Нәрсе бермей жіберіп,
Дос болғаның осы ма?!
Лайық емес, Ер Шора,
Дос жібергенің осылай.
Шора сонда сөйледі:
—Асыл туған данамыз,
Мен—туған балаңыз.
Берсе, малды алмады,
Алдыруға келе ме
Құлыншаққа шамаңыз?
Құлыншақ сондай кең,—деді,
Бір жаннан емес кем,—деді.
Айтқаныңыз және де:
«Бер» дегенің жөн,—деді.
Көрінім жерге шығарып,
Қош айтысып келдім ғой,
Ата, оған мен,—деді.
—Қай заманда кел дедің
Құлыншаққа, балам, сен?—деді.
—Бір айда кел,—деп айттым ғой,
Ата, оған мен,—деді.
—Балам Шора, болмайды
Ол айтқаның жөн,—деді,
Бұл айда бар сен,—деді,
Білмей ме сыйламаған деген ағасын.
Айға күні толғасын,
Аттанып кетті Шора ер.
Қазанға жақын жеткенін
Құлыншақтың Бозай жер.
Кетейін деп ат мініп,
Шора атын ерледі.
Сонда келіп Меңді ару,
Баласына сөз сөйледі:
—Шорадай туған баламыз,
Сен едің, Шора, бұл күнде
Біздің сыртта тұрған қаламыз.
Атаңыз—қарт Нәрік хан
Отыр-ау үйде, қараңыз.
Жасы жетіп меңдеген,
Атаң отыр өлмеген.
Үлкендік деген—қатты дерт.
Бұрын-соңды атаңыз
Осындай жапа көрген жоқ.
«Қайда екен балам-ай?
Кешікпей балам келсін деп,
Айт деп бабаң бұйырды.
Атаңыз сіздің, балам-ай—
Келіп қалды-ау біразға,
Байқасаң, менің жасым-ау.
Ауыр жүктен кем емес
Көрер ме еді басым деп.
Тірі болса Ер Шора,
Енді келсін,—деді,—тез».
Үйден шығып тұрғанда,
Алыс-жақынды болжамай,
Көрмейді-ау шіркін екі көз.
Бұрын-соңды айтпады,
«Тез келсін» деп балаға.
«Сау болса, келер еді деп,
Жүруші еді далада,
Шоражанды қалаға.

Тағы оқыңыз