Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Шора (11-бөлім)

Шора · Мұрын жырау Сеңгірбекұлы нұсқасы · 2 мин оқу

Ар жағында шарайна
Сауыты мен екеуі
Қабатынан өте алмай,
Етінен өтіп жете алмай,
Алдындағы қалмақты
Бұтадайын көрмеді,
Жасқанатын ер ме еді?!
Бір адамның баласы
Ер Шораға тең бе еді?!
Шора батыр ақырды,
Ақырып ұран шақырды.
Артынан келді Құлыншақ
Екі мың кісі қалмаққа
Салады сол күн соғысты.
Атаңа нәлет ит қалмақ
Артына хабар салады.
«Келе көрсін әскер» деп,
Жинап әскер алады.
Екі кісі Ноғайға
Төрт мың қалмақ жиналып,
Ұрысуға қалады.
Таспакер мен Қатукер
Ол шабыстан тана ма?!
Аяғы төртеу бұл жылқы
Құтылып онан қала ма?!
Құлыншақ пен ер Шора
Салады қиын соғысты.
Қалмақтан шыққан көп әскер
Ен майданда тоғысты.
Атаңа нәлет бұл қалмақ,
Бірқатары қалмақтың
Еліне қашып кетеді,
Қашуға қалмақ түседі.
Кетейін деп жүре алмай,
Кемпір менен шал қалды,
Айдауға жүрмес мал қалды.
Байтақ жатқан көп елде
Көше алмай жан қалды.
«Қалмақтың елін қоймас» деп,
Қалған қалмақ сасады,
Өлгесін, жаманы қашады.
Қысылғасын қалмағың,
Ханы кетіп қашады.
Хан қашқасын асырып,
Артынан қуып Ер Шора,
Таспакермен шабады.
Қаптаған қара түтіндей
Таспакердің шабысы.
Суырады топырақты
Салқын желі боранды.
«Артынан қуған болмас» деп,
Алдынан тосып оралды.
Таспакердің аяғы,
Аяғының арасы,
Қарап тұрсаң алыс-ты.
Аяқтың шыққан дүбірі
Атқан мылтық даусындай.
Жетіпті қуып соңынан,
Келгеннен соң оңынан,
Жібере ме Ер Шора,
Түскеннен соң соңынан?
Жақындасып келгенде,
Жебені қолға алады.
Атайын деп ер Шора
Шамалы жерден қозғалды.
Тартып қалды ол оқты,
Атқан оғы жетеді,
Өңменінен ол өтеді.
Басы үзіліп қалмақтың,
Жерге түсіп жатады.
Күні-түні соғысты,
Жиырма күндей тоғысты,
Батырлар атты қинады.
Көзі жеткен жердегі
Қалмақты қоймай жинады.
Қашпай қалған секілді
Кемпір менен шалдардың,
Қыбырлап, тек жаны бар.
Шұбыртып қалған балаларын,
Шора артық ер еді,
Құлыншақ пен Ер Шора
Айдап қайтты баласын,
Жинаған дәулет, қарасын.
Шора артық ер еді,
Құлыншақ пен екеуі
Еліне қарай келеді.
Кеткені қашып құтылды,
Қалғанын жинап айдады.
Пысықсыған адамның
Қайыра қолын байлады.
Жеткенше айдап жеріне,
Келтірді қуып еліне.
Ноғайға хабар салады,
Құл мен құтан алады.
Ноғайлының балалары
Мал мен олжаға батады.
Елге келіп алғасын,
Құлыншақ пен Ер Шора
Елде бірнеше жыл тұрғасын,
Тағы аттанды қалмақ еліне.
Ол жолында бар еді
Жыландының биік тау,
Ар жағы көп қалмақ жау,
Қалмақ байтақ ел еді.
Тау басына келгенде
Құлыншақ тұрып айтады:
—Демалайық біз,—деді.
Аттан түс, батыр, сіз,—деді,
Басына шығып бұл таудың
Қалмақ жауды қарайық,
Мықты-осалын білейік.
Бір-екі күн демалып,
Сосын жауға жүрейік.
Шора айтты:
—Мұның қалай? Артық болдың ба сен?—деді,
Менің аруағым бар,—деді.
Сонда Құлыншақ:
—Қандай еді аруағың? Мен көрер едім,—деді.

Шора:

—Менің аруағымды көрсең, менен бұрын өліп қаласың ғой,—деді.

Сонда Құлыншақ:

Тағы оқыңыз