Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Қарасай, Қази (4-бөлім)

Қарасай-Қази · Қашаған Күржіманұлы нұсқасы · 2 мин оқу

Сонда Қарасай апаннан шығып, шешесіне сөйлейді:

Келіп тұрған қарт ана,
Ақылың асқан сен дана,
Айтпасам, нені білесіз?!
Мен бүгін тойға барғанда,
Қатар-қатар ат келді.
Ат үстінде бір азамат—
Хабаршы бір адамзат келді.
Ұзындығы—үш құлаш,
Көлденеңі—бір құлаш,
Бойға таза сақтаулы,
Алтын сырмен қаптаулы,
Алақандай мөр басқан,
Оқыған адам адасқан,
Бір қызыл печатты хат келді.
Оқытып, тыңдап қарасақ,
Қондыкердей Ноғайлы
Патшаның жазған хаты екен.
Еліме қалмақ келді, деп,
Аңсырап жүрген ерлердің
Тілеуін Алла берді, деп.
Күзбан деген—күшті жау,
Мұны келіп көрсін, деп.
Тәңірім берсе тілекті,
Қозы жауырын қол оқпен
Сыбағасын берсін!—деп,
Ерлердің бәріне де сәлем жазыпты.
Аруақты батыр баласы—
Қарасай да қалмай келсін, деп,
Атаға тартпас ұл болса,
Мал бағу үшін туған құл болса,
Үйінде жатып өлсін,—деп,
Мен сорлының атымды
Қағазға патша іліпті,
Патша қайдан біліпті?!
Көрмесін патша жорықты,
Патша қайдан білді екен
Мендей жетім ғаріпті?
Барайын десем бұл жауға,
Атсыз қайда барамын?
Егерде атсыз жөнелсем,
Маңдайымды күн тесіп,
Табанымды жер тесіп,
Бір майданда қалармын.
Атамнан қалған тұлпарым—
Қабан құлақ қара ат жоқ,
Атасы кәпір дұшпанға
Жаяу бармақ санат жоқ,
Ұшайын десем, қанат жоқ.
Өзім барып, алмадым
Қалмақтың соққан қаланы.
Етіме қажау салдырып,
Түсірмедім жараны.
Мен қалмаққа бармасам,
Атаның орнын алмасам,
Жұрт келемеж етеді.
Жұрттың еткен күлкі сөз
Сүйегіме жетеді.
Мұндай қорлық көргенше,
Жасымнан өлсем, не етеді!
Тәңірім, тілек бермедің,
Көздің жасын көрмедің.
Астымда атым бар болса,
Айналайын, қарт ана,
Жауға бармайтын
Жаман туған сенен мен бе едім?!

Сонда кемпір баласының сөзіне қуанып: «Атың жоқ болса, атың табылады, Азды-көпті малыңды бер, оған түспейтін болса, қарындасың—Қибат сұлу бар, бір-жар қараның жетпесіне алса, мені де бер, қалай да ат тауып, жауға аттан, қатарыңнан қалма»,—дейді. Бірақ бұл сапарға тек тұлпар жарайтын болады. Сондықтан төрт жігітке ат қаратып жіберді. Және: «Тұлпарды сендер танымассыңдар, тұлпар деген жусаған сағатта басын сауырына салып, құс құсап жусайды. Егер осындай ат табылса, арығына қарамай, саудалаңдар,—дейді.—Басқа ат саудаламай-ақ қойың»,—дейді. Ат іздеген жігіттер бір жерде бір кәрі тарланның басын сауырына салып жусап тұрғанын көреді. Атты елдің ортасына қарай айдап келіп, сұраса, бұл аттың иесі Көкшенің ұлы ер Қосай деген кісі екен. Қосай сол кезде тоқсанға келіп, алжып жатыр екен. Қосайға келіп атты сұрап қараса: «Әлі жаудан ойым бар»,—деп, атын бермейді. Келген жігіттер ұзақ саудаласып, атты алатын болады. Сонда Қосай Қарасайға мынадай сәлем айтады: «Менің атыма 9 құл, 9 күң, 9 сусар тон және Ноғайлыдағы сұлу қарындасы—Қибатты маған тоқалдыққа берсін»,—деп сәлем айтады. Қарасай осыған келісіп, атты алған екен. Келген атты таң асырып байлап қояды. Таң ата Шолпан жұлдыз белгі бере бес қаруды белге байлап, ат мінейін деп келсе, қарындасы—Қибат аттың шылбырын беліне орап алып, мына сөзді айтады:

Тағы оқыңыз