Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Қарасай, Қази (3-бөлім)

Қарасай-Қази · Қашаған Күржіманұлы нұсқасы · 3 мин оқу

Осы хатты оқығасын, атағы шыққан батырлар баруға даярланып, қару-жарақтарын, әскерлерін дайындай бастады. Қарасайдың мінуге аты, тағынуға қару-құралы болмайды. Қарасайдың ат алуға және пұлы да болмайды. Қарасай: «Бұл патша менің атымды тумай жатып қайдан білді екен? Бүйтіп, жұрт қатарынан қалғанша, өлгенім артық қой»,—деп, жұрттан жасырынып қашып, екі ауылдың ортасындағы бір апанға келіп, жылап жатады. Қарасай жылап жата тұрсын. Ендігі сөзді Қарасайдың шешесінен естіңіз.

Орақ батыр тірісінде Алауса—Масал деген қалмақтың қаласын шауып, көп әскермен келе жатып, бір ауылдың деніне келгенде, ол ауылдан бір қыз сияқты ақсақ әйел адам дәретке отырған екен. Дәретін болып, жүре бергенде, дәрет еткен жерінен аспанға қарай қара түтін көтеріледі. Сонда батыр: «Апыр-ай, мынау тегін түтін емес!»—деп, атын бауырға салып жіберіп келсе, жаңағы қыздың дәреті жерді күйдіріп, түтіні аспанға шығып жатыр екен. Соны көреді де, батыр әскерін сол араға түсіреді. Өзі қасына Қосай деген батырды ертіп, ауылға түсіп, сұрастырып қараса, ауыл Шәлгез деген батырдың ауылы екен. Қыздың оң қолы жазылмайтын бүкір екен, бір көзі соқыр екен. «Батырдың қызы бар» дегенді естіп, байдың ұлы—мырза, бидің ұлы—шора, әнші-домбырашылар айттыруға келіп, көреді екен. Көрсе, әлгідей жеті мүшесінің үшеуі жарымжан болғасын, алмай кететін көрінеді. Ауыл иесі дана, қатыны өлген қырқар, тоқал құмар шалдар: «Бала көтерсе болады», деп айттырса, оған қыз бармайды екен. Сөйтіп жүргенде, қыздың жасы қырықтың біреуіне келген екен. Сонда Орақ батыр сол ауылда отырып қызбен бетпе-бет сөйлесіп, оны әйелдікке сұраған. Сұраса, әкесі: «Берем»,—деген, қыз да: «Осы кісіге барам»,—деген. Орақ батырдың ол уақыттағы ойы «Осы әйелден бала туса, өзімнің әруағымды ұстайтын бала туар», деп ойлап алған екен. Бұл кісіден үш бала туады. Олар—Қарасай, Қибат, Қази. Шешесі, үлкен баласы—Қарасай апанда жылап жатыр, деген соң, өзі баласына келген екен. Сондағы айтқаны:

«Пәруардігер Жасаған,
Өзектің жолын өртеттің,
Жүректі қайғы, дерт еттің.
Қарасайдай қарағым,
Ішкі сырыңды айтпастай
Мұнша неге серт еттің?!
Атаға тартпас жаман боқ,
Сенің жау жаулаумен ісің жоқ,
Саған тисейші жалғыз оқ.
Қарғаған қарғыс жетті ме,
Біреудің сөзі өтті ме.
Иә, болмаса, шырағым,
«Жасы кіші бала»,—деп,
Біреу зорлық етті ме?
Не қылайын, Жасаған,
Бұл күндері болғанда,
Ақ сұңқар құстың баласы
Құладын болып кетті ме?!
Сенің атаң сұлу таңдаған,
Асылын жұрттың аңдаған.
Сонда менің аяғым ақсақ,
Көзім көр еді-ау,
Мені айттырып, соңымнан қалмаған.
«Асыл бала болар, деп,
Ажалым жетіп, мен өлсем,
Әруағым сонда қалар», деп,
Сөйтіп алған мен едім.
Бір жеріңнен дәмем бар,
Сен бойыма біткенде,
Айдаһардың мен жедім
Жауырыны мен төс етін.
Және алдырып бір жедім
Көзі менен ернін,
Бұдан да жерік қанбаған.
Қанбағасын, қарағым,
Аюдың жедім қол етін,
Жолбарыстың жедім сан етін,
Пілдің жедім сан етін.
Атаға тартпас жаман боқ,
Төсекте жатып жылаумен
Өлер болдың ба, сен жетім?!
Отын алып, от жақсаң,
Таяқ алып, мал бақсаң,
Өз-өзіңе пышақ сал,
Қазаңнан бұрын өле қал,
Көре көрме тіпті ел бетін.
Мен өз-өзімнен еліктім,
Сен бойыма біткенде
Жеті айдаһар жыланның,
Тірідей қосып, басын бір шайнап,
Сонда қандырған
Бейбақ едім-ау жерікті».

Тағы оқыңыз