Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Қарасай, Қази (1-бөлім)

Қарасай-Қази · Қашаған Күржіманұлы нұсқасы · 3 мин оқу

Өткен заманда Ноғайлы дәуірінде Құрманбай деген бай болған екен. Өмірінің бойында ол кісіде ұл да, қыз да болмапты. Күндердің күнінде әйелі жүкті болып, ұл бала туыпты. Баланың қуанышына үлкен той жасайды. Тойға Қазақ, Ноғайлы халқын түгел шақырады. Тойға тігілген үй мен келген адамның саны көп болады. Адам көп болғандықтан, көптің ішінде тентек пен теліден қауіптеніп, тойды басқару үшін Қырымның қырық батырын іздестіреді. Сұрастырғанда, олар әлі тойға келмеген екен. Орақ батырдың өлгеніне бір жыл толып, оның қарасына Орақ батырдың Қабан құлақ қара атын сойып, олар сонда жатыр екен. Екінші рет шақыртқанда, олар тойға келеді. Тойдың басқару міндетін батырларға тапсырады. Қызық той бірнеше күнге созылады.

Бір күні түс қайта құбыла жақтан жұлдыздай бұрқыраған шаң көрінеді. Ол бір атты кісі екен. Ол Қазақ, Ноғай халқын түгелдей басқаратын Қондыкер деген патшаның шабарманы болады. Шабарман осы көпшілікке патшадан хат әкелген екен. Хатты беріп, өзі кейін шауып кетеді. Хатты азар дегенде шала сауатты бір шалға оқытып көрсе, он екі баулы Қазақ, Ноғайды басқаратын Қондыкер ханның хаты болады.

Ханның хат жазу себебі мынадай екен: Мұсылманның Қондыкер деген ханына Қалмақтың Күзбан деген ханы: «Бүкіл еліңмен, соғыс жасамай, бағын, болмаса, қызыңды қатын, үйіңді отын етіп шауып аламын, ұрысатын болсаң, қапы қалма!»—деп хабар салған екен. Содан Қондыкердің қалмаққа бағынғысы келмей, Қырымның қырық батырына (бұның ішінде атақтыларына) мына төмендегі мазмұнда жазылған хат екен (және «Жауды қаласынан шығармай, барып жойың»,—деген екен):

Әуелі, дұғай сәлем айт!
Мекен еткен Еділ сағасын,
Аузы түкті кәпірдің
Бітірмеген жарасын,
Аузы түкті кәпірдің
Еңіреткен қатын-баласын,
Ат үстіне мінгесін,
Қазақ пенен қалмақтың
Ашқан екен арасын,
Қысас болған қалмақтың
Талай жыртқан жағасын,
Көк Еділ мен Самардың
Кестірмеген ағашын,
Дұшпанға намыс бермеген,
Дұшпанның көңлін көрмеген,
Мылтық пенен зеңбірек
Оғы тисе де, өлмеген,
Мұсылмандардың бәрін «ес» деген,
Ерлердің бәрін «дос» деген,
Кәпірдің бәрін «өш» деген,
Жазыммен тиген жалын от
Терісіне қажау салып, теспеген.
Қызыл шұбар ту алған,
Алмасын қанға суарған,
Дұшпанын көрсе, қуанған.
Елдің ішін толтырған
Қалмақтың қызы мен жуаннан.
Мұнартып жатқан дария,
Қатуланып, арыса,
Қара жер болды суалған.
Сүйініштің ұлы батыр Қазтуған,
Сізге арнаған хат екен,
Ежелден қапа болмаған.

Және дұғай сәлем айт!
Астына мінген Ақтабан,
Ақтабаннан басқа жақпаған,
Дұшпанға қарсы шапқанда,
Ерлердің бәрі мақтаған.
Қорамсақ толы көп оғын
Алтынменен қаптаған.
Он жасына келгесін,
Төсекке түзу жатпаған.
Бір өзінің дәл басын
Мың кісіге шақтаған.
Аламанын қырмен өргізсін,
Әскерін қырмен жүргізсін.
Менің жазған бұл хатым,
Іркілмесін, барғасын,
Қалмақтың қара қошқыл қанына
Суарсын, келіп, алмасын,
Көгістің ұлы ер Тама—
Бұ да келсін, жаудан қалмасын.

Және дұғай сәлем айт!
Мүниям байтақ шәрінен,
Дию, кәпір—бәрімен
Жалғыз өзі жау болған.
Қырылған әскер сүйегі
Асқаралы тау болған.
Бұлағай салып, бу етсе,
Бұдан да аман-сау болған.
Барпардың қара тасын атып, сындырған,
Халықтың көңлін тындырған,
Ханның да көңлін тындырған,
Ханның қызы—Ақжүніс
Ат саурына мінгізген.
Шағаннан қалмақ сайлаған,
Қалмақты қойдай айдаған,
Балқашқа малды кіргіздің,
Ноғайға дәурен сүргіздің,
Алты мыңдай келген қалмақтың
Бәрін қоймай, бір жойдың.
Не қыларыңды өзің біл,
Мөр басылды қағазға,
Қарсының ұлы ер Тарғын,
Атыңды жазып, қол қойдым.
Және дұғай сәлем айт!
Анасы өткен ақ Меңді,
Ол бойына біткенде,
Толғатып тұрған қырық күн,
Қайғы жеп еді күн мен түн.
Қорамсақ толған көп оқты
Ор аузына төккен ер,
Мұсылмандардың қамы үшін
Қиындық, жапа шеккен ер,
Атқан оғын сұрасаң,
Алты қырдан әрмен зулатқан,
Астына мінген тұлпарды
Шабуылмен қунатқан.
Байласын белге алмасын,
Арып—ашып талмасын.
Атақты ердің баласы—
Нәріктің ұлы ер Шора
Бұ да келсін, жаудан қалмасын.

Тағы оқыңыз