Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Шолаққорған

Жер-су аңыздары · 1 мин оқу

О баста ел аз қоныстанған, сырттан қатынасы өте аз, дара жеке (шола) мекен екен. Кейін халық көбейіп, сыртқы жаудан сақтану үшін бұл жерге балшықтан үлкен қорған орнатылыпты. Қорғанның биіктігі 3, 5 метр, қалыңдығы 1 метрге жуық, бас жағында өркеш тәрізді күзеті бар-ды. Ішкі жағына 2 метр биіктікке айналдыра тесік жасалған. Ол жауынгерлерге оқ-дәрі, су-ас жеткізіліп беруге және сырттағы шапқыншыларды атқылауға арналған еді. Қорғанның күншығыс жағында елу метрдей жер қоршалынбай, ашық қалған. Ол маң өте батбақ көрінеді. Яғни, бұл тұстан ешқандай қауіп жоқ болатын. Талай жаудың бетін қайтарып, елге пана болған сол қорған бертін келе «Шолаққорған» аталып кетсе керек.

Жер-су аңыздары

Барлығы: 13 аңыз

Тағы оқыңыз