Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Қырық шейіт

Жер-су аңыздары · 1 мин оқу

Осыдан жүз жыл бұрын қарақалпақтықтар, ар жағын былай қойғанда, Нұратадан бері Сырға дейін үстемдік жасаған көрінеді.

Бірде Сырдың батыс жағынан айғыр мінген қарақалпақ, шығыс жағынан байтал мінген қазақ келіпті де суға шомылыпты.

Содан асығыс жуынып-шайынған қазақ өзен жағасында көп кідірместен, байталына мініп, ауыл жағына қарай шаба жөнелсе керек. Сөйтсе, қазекеңнің байталы күйлеп жүр екен. Мұны сезіп қалған қарақалпақтың айғыры Сырдың бергі бетіне жүзіп өтіп байталдың соңынан ере кетіпті. Бұған атынан айырылған қарақалпақ екі санын соғып, өзеннің арғы бетінде байбалам салып қала беріпті.

Бірақ арада көп уақыт өткізбей, қарақалпақтың бір топ кісісі қазақ аулына жетіп келеді. «Осылай да осылай, асылдың сынығы, тұлпардың тұяғы еді, айғырымыз сіздер жаққа өтіп кетіпті, соны қайтарыңыздар» , - деп биге өтініш айтады.

Би қазақ аулын дембіл-дембіл барымталап, тыныштық бермей жүрген қарақалпақтарды, бір жағынан, жақтырмай, екінші жағынан, мақтаулы тұлпарларының тұқымын алып қалсақ деген оймен: «Астарыңдағы аттарыңа ие болмай, неге жүрсіңдер!» - деп өздерін кінәлап, мәселені жөн шешпей, жоқ іздегендерді кері қайтарып жібереді. Мұның аяғы екі жақтың жауласуына әкеп соғады. Қарақалпақтар мен қазақтар бірін-бірі кезек-кезек шабуға кіріседі. Сөйтіп, беймаза заман басталады.

Бір күні түнде қарақалпақ жортуылшылары сонда демалып жатқан қазақтардың үстінен түсіп қалып, ұйқыларын аштырмай табанда қырып салады. Іштерінде қыз-қырқыны да бар, тойдан келе жатқандар екен, түгел қапыда қалады. Қырық адам шейіт болады. Тек аман құтылған бір жас жігіт қылыш тиген ішек-қарнын көйлегімен тарс буып, ел шетіне әзер жетеді. Ертесіне қазақтар қол жинап, қарақалпақтарды түре қуады. Содан Нұратаға дейін шегіндірсе керек-ті. Ақырында екі жақтың иелері жиылып:

– Сен, қарақалпақ, Сырды көрме,

– Сен, қазақ, Нұрды көрме,- деп бәтуаласқан екен.

Ал, шейіт болған қырық бейкүнә жан сол төбеге жерленген көрінеді.

Жер-су аңыздары

Барлығы: 13 аңыз

Тағы оқыңыз