Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Қатын қамал

Жер-су аңыздары · 1 мин оқу

Ащысай кенішінен Кентауға қатынайтын жолдың бойында “Тас сарай” деп аталатын өзен кездеседі. Өзеннің сол жақ қапталында үлкен жартас бар. Жартастың беті жап-жазық та, төменгі жағы сүйірленіп келеді. Ал тастың жотасы қып-қызыл, ылғи қуарып жатады.

Бұл туралы елдің аузында мынадай аңыз сақталған: Ақтабан шұбырынды кезінде ауылдың ер-азаматтары соғыс даласында жүргенде жаулардың бір бөлігі үйде қалған қатын-қалаш, бала-шағаға шабуыл жасапты. Қолға түскен қорғансыз бейшараларды топырлатып айдап апарып, сол маңдағы бір жартасқа қамапты. Сөйтіп, жазықсыз бейбақтардың көз жастарын сорғалата, ебіл-дебіл, улап-шулағандарына қарамастан, сол жерде бәрін қойша бауыздап, қырып салған екен…

Содан қып-қызыл қанға бөккен әлгі жота күреңітіп, мәңгіге қуарып қалған деседі. Ал қырғын болып өткен жартас “Қатын қамал” деп аталып кеткен көрінеді.

Жер-су аңыздары

Барлығы: 13 аңыз

Тағы оқыңыз