Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Ақбикеш әңгімесі

Жер-су аңыздары · 2 мин оқу

Ерте кезде шамасы мың төрт жүзінші жылдары, бұдан бес ғасыр бұрын осы өңірде Ақсақ Темір – Әмір Темір көреген билеп тұрған заманда болған оқиға делінеді. Шу мен Сарысу өзендеріне жақын Ақжайық деген көлдің (әлі күнге дейін бар А.Д.) жағасында Далбай деген бай өмір сүріпті. Оның бойжеткен қызы, ержеткен ұлы болыпты. Шолақ пен Созақтан келген саудагер жігітке әлгінің қызы ұнап, қыз әкесі Далбайдың дүниемен есін шығарған саудагер қызын алып күйеу болмаққа уәде қылысыпты. Айтылған уәделі күні саудагер жігіт Далбай аулына келер түні қыз ауылда жоқ болып шығады. Бай аулының адамдарын түгендеген кезде жылқыдағы Көкайдай деген жігіттен басқасының бәрі орнынан табылады. Қол-аяғы қып-қысқа, тәлпек бойлы, қазан бас ұсқынсыз жігітке дүниеқұмар қыз әкесі «Қызым табылады, асыл заттар менікі болады» деген ішкі үміті сөнбеген Далбай күйеуге: «Тоқтай тұрсын, өзім барамын», - деп хабаршы жіберген.

Екі тәулік бойы қыздан хабар білмей оралған шабармандарына налыған Далбай үлкен ұлы есерсоқтау, ұр да жық Одабай бастаған үш жігітті жолға салып, «не өзін, не басын әкел» деген.

Бұлар Ақсүмбе баурайына келгенде жайылып жүрген жалғыз атты көріп, тас басына өрмелеп, бара жатқан жалғыз адамды байқап соңынан тұра шабады. Бұл тауға тырбана өрмелеп «Көкайдай» деп қанша айқалағанымен, осы кезде қыз ағасы Одабай да жақындап келіп қызды атына өңгеріп алады. Қыз бұлқынып, аттан түсе қамшымен ат басын тартып жібереді. Атынан аударылып қала жаздаған Одабай одан сайын ызаланып, ақырында қыздың қара құсынан айбалтамен ұрып құлатып, қанішер бауыры жалма-жан аттан түсіп қыздың басын кесіп алып, кері қарай қашады. Қаншама жанталаса шауып жеткенімен, үлгере алмаған Көкайдай қаперіне кірмеген басы жоқ қыздың үстінен түсіп есі ауа құлайды. Қолдан келер дәрмен жоқ, қуғыншылардан қуып жетіп кек алмақшы болғанмен, олар әлдеқашан қара үзіп жоқ боп кеткен. Көкайдай заманға лағнет айта жүріп басы жоқ қызды Ақсүмбенің ақ топырағына жерлеп, өзі Сыр бойындағы Ясы қаласында екі атын сатып, қыш жасайтын, мыс қорытатын жерге жалданады... Аңыз енді бірде Жүйнек пен Майдамтал жерінде Темір мен Тоқтамыстың соғысында Көкайдай Темір әскерінің құрамында ерлік көрсетіп, Темір оны онбасы, жүзбасы сайлапты деседі.

Кейін Арқадан келген керуеншілерден ел жайын сұрап біліпті. Ақбикештің басын кесіп апарғанда өзінің ашумен айта салған сөзін дәлме-дәл орындаған есуас баласына ештеңе айтуға шамасы келмей Далбай жүрегі жарылып өліпті.

Қанша жыл өтсе де, Ақбикеш басына сағана тұрғызу Көкайдайдың арманы еді. Сол мақсаты жолында ақыры Көкайдай Ақсүмбедегі Ақбикештің сағанасын елу түйеге қыш артып әкеліп тұрғызған екен.

Бұрынғы заманда Түркістанда Талмас ата деген әулие болған. Оның үш әйелі бар екен. Сол үшінші тоқалының аты – Ақбикеш. Үш әйелін үш жерге қондырғанда Ақбикештің еншісі Қаратаудың етегі болыпты. Ол өлерінде: «Басымды Темірқазыққа қаратпа, аяғым Әзірет сұлтанға қарай созылады. Күнбатысқа да қаратпа, аяғым Талмас атаға созылады», - деп өзін тікесінен тік тұрғызып көмдірген. Моласына шошақ тас қойдырған.

Жер-су аңыздары

Барлығы: 13 аңыз

Тағы оқыңыз