Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Көсегенін көк жоны немесе Хорен

Жер-су аңыздары · 1 мин оқу

Әйгілі Қамбар батырдың мекені Үсіктас аймағы болған. Ал, қыз Назымның аулы Құмкент шаһарының маңындағы Қызыл көлдің жағасы екен. Назымның сұлулығы қазақ елі түгілі көршілес елдерге де аңыз болып тарайды. Назым Әзімбай деген байдың жалғыз қызы екен. Ол жайында Хорен атты қалмақтың да батыры естиді. Хорен Назымды көрмей-ақ ғашық болады. Қасына нөкерлерін ертіп, Әзімбайдың аулына келіп: «Қызын маған берсін», - деп кісі жібертеді. Бірақ қызын бермек түгілі келген кісіні ұрып, соғып қуалайды. Қатты ашуланған Хорен келісіміңді өзің бермейінше, бұл жерден кетпеймін деп аулының қасына шатырын тігіп жатып алады. Әзімбай қашанғы шыдасын, Қамбар батырды шақыртады. Қамбар батыр Хорен қалмақты Үсіктастың (солтүстік) шығыс жағындағы көкпеңбек болып жатқан жазық далаға соғысуға шақырады. Осы жерде үлкен соғыс болып Әзімбайдың аулы қалмақтардан азат болады. Екі батырдың соғысқан жері содан бастап «Көсегенін көк жоны» деп аталып кетіпті. Ал, Хорен қалмақ шатырын тігіп жатқан жер – «Хорен қалмақ» деп аталыпты.

Жер-су аңыздары

Барлығы: 13 аңыз

Тағы оқыңыз