Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

«Қозы-малдақ» атауы

Жер-су аңыздары · 1 мин оқу

Жошы хан Созақты өзінің астанасы еткенде, Саңғыл би қазіргі «Қозмалдақ-Сызған» аталған жерге келіп, өзінің соңынан ерген елді ертіп келіп, ат шаптырым екі үлкен саздың Шығыс жағынан келіп туын қадап аттан түсіп, Малдақтандар – депті (ол түрікше түйенің белін шешіп демалыңдар деген мағына берсе керек).

Жорықтан әбден арып-ашқан, жойқын көштен әбден шаршаған ел бел шешіп, көгорай майсаң сазға жайғаса бастайды. Саңғыл би өзінің соңындағы ерген елін аралап келе жатып, елдің ауыр халін көреді. Бұдан әрі жорыққа ілесе алмасына көзі жетеді.

«Жоқ! Болмайды екен, енді елімді тынықтырып ес жиғызбасам ұрпақ қалмауы мүмкін» деген ойға келеді. Бірнеше күн демалған ел, тағы да әлденені күтеді. Басбұлақтың үстіңгі жағындағы теп-тегіс сазға шатырын тіккен Саңғыл би шатырдан үш күн, үш түн шықпайды. Созақтан Жошының шабарманы келгенде ғана бір-ақ шығып көшіп жүрген елін жинайды. Ел тағы да көшеді екенбіз деп ойласа керек. Сонда биік дөңнің басына шығып тұрып:

– Уа, халайық! Енді көшті мәңгі тоқтатамыз. Барлығың үйлеріңді жөндеп «қоз» салыңдар, - дейді.

Ол кездерде бұл екі саздың жанынан үлкен-үлкен екі өзен ағып жатса керек. Ал ол өзендердің жағасы қарайып жатқан тауға дейін қалың жыныс, тоғай, сәмбі талдарға сыңсып тұрған екен. Міне, сол кезден бастап бұл жер «Қоз-малдақ» атаныпты.

Жер-су аңыздары

Барлығы: 13 аңыз

Тағы оқыңыз