Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Темір аулы

Жер-су аңыздары · 1 мин оқу

Қақаған қыстың күні жорыққа кетіп бара жатқан Ақсақ Темір патша Отырар өңіріндегі бір бекетке аялдап қоналқы жасапты. Түнге қарай ауа райы бұзылып, Арыстанды-Қарабастың желі одан сайын үдете түссе керек. Содан сол жерде патшаға суық тиіп, жасақ жолынан кідіруге мәжбүр болады. Баста екі-үш күнде сауығып кетер деген әмірші күн өткен сайын науқасы асқынып, халі нашарлай түседі. Сөйтіп оққа да, найзаға да алдырмаған жаны сірі қолбасшы суық тигеннен мұрттай ұшып, ақыры сол жерде көз жұмған екен. Отырар іргесінде көз жұмған Әміршінің сүйегін жанашыр серіктері сырт жанға көрсетпей, өлгенін айтпай, «әмірші науқастанып келеді» деген желеумен алып бара жатып, осы күнгі Темірлан деген жерге келгенде қалың әскер Темірдің қайтыс болғанын біліп қойып, сыр ашылған көрінеді. Міне осыдан барып ол жерді «Темірлан» атапты деп баяндайды. Оның Темір емес, Темірлан атану себебі әскер ішінде Темір арқылы лаң шықты, шу шықты дегенді білдіреді дейді.

Қаратаудың түстігіндегі Жаңақорған Тоқтамыс бұлағы.
ауданына қарасты Қыраш аулынан 12 км. жерде «Тоқтамыс» деп аталатын бұлақ пен елді мекен бар. Бұл туралы зейнеткер, ұстаз Ж.Тұрабаев деген ақсақалдың айтуы бойынша, Тоқтамыс бұлақ басында памдат намазын оқып жатқанда тосыннан әлдекімдер үстінен бас салып қарамағындағы 42 адамымен қоса қырып салады. Оларды жергілікті халық сол маңдағы төбенің басына жерлейді. Бұл күнде хан мазары делінетін төбенің үстіне 10-15 метр тас үйілген.

Жер-су аңыздары

Барлығы: 13 аңыз

Тағы оқыңыз