Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Әубәкір қари

Тарихи-діни аңыздар · 1 мин оқу

Әубәкір қары Айтжанұлы 1890 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан ауданына қарасты Жіңішке деп аталатын елді мекенде дүниеге келеді. Әкесі Айтжан да ислам дінінің жетік оқымыстыларының қатарында болған. Сондықтан да оған дамолла атағы беріліп, Айтжан дамолла атанған екен. Ұлы Әубәкірді бес жасында арабша хат танытып, одан соң Қарнақтағы өзі сабақ беретін діни медресеге береді. Айтжан ұлын Көкілташ медресесінде оқытады. Ол он бір жасында құран кәрімді жатқа оқитын дәрежеге жетіп, сол Көкілташ медресесінде “қары” атағын алады. Оны бітірген соң елге келіп діни іспен айналысады. Әубәкір ата дүниеге келерде әкесі екі рет түс көреді. Бірінде биік жеміс ағашында қонған кішкене ғана бұлбұл сайрап тұрады да, атаның оң иығына келіп қонады. Екінші түсінде тұп-тұнық дария бетінде ақ жөргек үстінде жатқан сәби су бетімен ағып бара жатады. Осы түстерді көрген әке болашақта өзінен де білімді адам дүниеге келетінін оймен жақсылыққа жориды.

Тарихи-діни аңыздар

Барлығы: 15 аңыз

Тағы оқыңыз