Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Қожа Ахмет Яссауи туралы аңыздар

Тарихи-діни аңыздар · 2 мин оқу

Әкесі Ибрахим Шайх Сайрамның ең атақты ғұламаларының бірі болған, диқаншылықпен күнелткен. Ол ұстазы Мұса Шайхтың қызы Айшаға (кейбір аңыздар мен деректерде Қарашаш ана) үйленген және одан Гауһар Шаһназ есімді қыз бен одан он жастай кіші Ахмет дүниеге келген-деседі.

Ысқақ Бабтың ұрпақтарынан тарайтын Ибрахим Шайхтан екі бала болады. Солардың бірінің аты Ахмет болады. Бірде бала Ахмет үйден шықса, атасы Ибрахим Шайх шұқшиып жер шұқылап отыр екен. «Ата, не істеп отырсыз?» - деп сұрағанда, «Е, балам, егістікті жегенелеп отырмын», - деп жауап береді. «Ой, ата-ай, соған да осыншама әуре боласыз ба? Бір ауыз сөзбен бітірмейсіз бе?» - дейді Ахмет. «Ондай қолымнан келмейді, қолыңнан келсе сен жасай ғой»,

- деп әкесі баласын сынамақ мақсатпен рұқсат беріпті. Сонда жас Қожа Ахмет тұрып: «Жегенең жерге қал, бегенең бетке шық», - деген екен. Дәретін алып келген атасы қайран қалып: «Е, балам, саған Алла тағаланың құдіретімен әулиелік дарыды, енді жарылқаушы иең қайда жол көрсетсе сонда бар,» - деп батасын берген екен.

Бірде Қожа Ахметтің әкесі былай депті:

“Е, балам, екі қошқардың басы бір қазанға сыймайды дегендей, енді бұл жерден не сен, не мен кетуім керек”, - депті. Сонда Қожа Ахмет тұрып: “Сіз жасыңыз келген кісісіз, мен жаспын, мен кетемін”,

- деп Яссы қаласына орналасыпты. Арада біраз уақыт өткен соң ата-анасына сәлем берейін деп Сайрам қаласына келгенде әке-шешесі: “Е, қарағым, қайда болдың, қай жерден қоныс таптың?” - деп сұрапты. Сонда, ол Яссы қаласын, яғни кейіннен өзіне ғимарат салынған жерді атапты. “Балам, сен ол жердің халқымен сұхбаттастың ба? Не байқадың?” - деген Ибраһим Шайхқа Ахмет: “Иә, ата, сұхбаттастым. Ол жердің халқы арқаңнан қағып тұрады, аяғыңнан шалып тұрады. Соны біле тұра неге қоныс тептің дерсіз, жақсыны жолға салу оңай, жаманды да жолға салып көрейін”, - деген екен.

Жасында Ахметті “Ақ ата” деген Сайрамдағы бір молдаға оқуға беріпті делінеді. Ол кісінің шашы да, қасы да аппақ болса керек, содан “Ақ ата” атанады (шын аты Шахабиддин Исфиджаби). Сол кісі кезекті сабағынан соң балаларға: “Үйге барған соң, құдайдың көзіне түспейтіндей етіп, бір-бір тауық, не қораз сойып әкеліңдер!”

- деп тапсырыпты. Ертеңіне өзге балалардың бәрі, сойылған тауық, қораздарын ұстаздарына беріпті, тек Ахмет ғана алып келген қоразын мұғаліміне тірідей беріпті. Мұны көрген Ақ ата: “Неге бұлай болды?” - деп сұрағанда жас бала: “Ұстаз, кешірім өтінемін, мен қоразды соя алмадым. Себебі, мен қай жерге тығылып сойсам да, құдай көріп тұрған жоқ па?” - депті. Сонда Ақ Ата: “Бәрекелді, Ахметім! Менің өзім де сен туралы осындай бір сырлы құпияны білу үшін істеген едім”, - деген екен.

Тарихи-діни аңыздар

Барлығы: 15 аңыз

Тағы оқыңыз