Үндемес-ата
Тарихи-діни аңыздар · 1 мин оқу
Бұл – 1880 жылдары Түркістанда өмір сүрген кісі. Үндемес-ата делінуінің себебі: ешкімге үн қатпаса керек. Күндіз Қожа Ахмет Яссауи мавзолейінің босағасында отырып, түнде ескі мазарға түнейді екен. Дін иелерінің уағыздауынша, ол «халыққа бір ауыртпалық, я оба секілді кесел келетіндей болса алдын ала біліп, түнімен өкіріп шығатын болған». Сондықтан оны «Құтып» (жасырын әулие) деп атаған. Ол бір күні түнде мазардың ішіндегі өзі қазған көрде дүние салады. Жергілікті халық сол жатқан жеріне көміп, үстіне сағана тұрғызады.