Қылышты ата
Тарихи-діни аңыздар · 1 мин оқу
Перзент тілегендер Қылышты ата басына түнеп, жанына шипа тауып отырған. Қылышты атаның әкесі Камаладдин (Әзірет Әлінің ұрпағы) Меккеден келіп, Қырөзгент шаһарының патшасы, Әбубәкір Сыздық ұрпағы Ілгі Мағзымның қызына үйленеді. Көп кешікпей Камаладдин Меккеге қайта кетеді. Қылышты ата шеше ішінде қалып қояды. Анасынан туған соң, атын Сайд Бурханеддин қояды. Бала ата қолында тәрбие алады. Өскенде аспаннан қылышпен ақ боз ат түскен дейді. Сөйтіп, мың бір бәлеге қарсы тұрып жеңген деген сөз бар. Бір аңыз-әңгімеде атасы Ілгі Мағзым өлгенде, орнына патша болған. Сонда уәзірлері мен билерін алдына шақырып алып әңгіме еткенде, қолындағы қылыш күннің сәулесімен шағылысып тұрған кезде қонған шыбын екі бөлініп түсе берген. Оның мәні: Кімде-кім адал болмаса, осы сияқты жаза алады деген екен. Міне, осыдан Қылышты ата аталып кеткен екен.