Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Марал ишан

Тарихи-діни аңыздар · 2 мин оқу

“Абылай хан қалмақ ханы Қалдан Сереннің тұтқынынан босап, еліне қайтып бара жатқанда қалмақ ханы татулығымыздың, ынтымағымыздың белгісі болсын деп оған түрлі сый-сияпатпен бірге өзінің қазақ әйелінен туған екі қызын қоса беріпті. Жолға жиналып жүргелі отырған Абылайға қос қыздың анасы келіп: “Қарағым, үлкен қызымнан батыр туады, кіші қызымнан елге әйгілі әулие дүниеге келеді. Оны қайдан білдің десең, түзге отырғанда үлкен қызымның дәреті жер тесе жаздайды, кіші қызым үнемі дәретін көміп байқатпай жүреді. Екінші қызымды бес намазы түзу, иманды жанға қосарсың”, - деген екен. Абылай елге келген соң, аманатты екі етпей, үлкенін өзіне жар етіп, кішісін сарай емшісі Құрман дегенге қосыпты. Міне, содан дүниеге Марал ишан келіпті.

Арқаға келгенде, Кенесары патшаға наразылық танытып, қол жинап, ел іші аласапыран болып жатқан кез еді. Кенесары жиналған қолдың жігерін қайрай түссін деп от ауыз, орақ тілді ишанды жанына алады. Марал ишан орыс әскерімен соғысқан кезде сарбаздарға үнемі қол ұшын беріп, бойындағы әулиелік қасиетін аямай, желеп-жебеп жүреді. Наурызбай батыр Маралдың әулиелігіне күмән келтіріп, жанындағыларға келеке қылатын болса керек. Әулие тұқымынан қыз алып отырған Наурызбай күйеу бала екендігін ескеріп, кішіпейілділік таныту орнына, қырықтың қырқасындағы қайын ағасының көңіліне қаяу сала беріпті.

Жазғытұрым кезең. Жайлауды бетке алған Кенесары аулы көш түзеп, сүрлеу жолға түсіп келеді. Ол замандағы дәстүр бойынша, сойыл көтеруге жарайтын еркек атаулы көш соңынан жүріп отырған. Қылтия бастаған көк шөп, тіршілік тынысын кеңге салғандай әсер етеді. Мүлгіген ми далаға әр, әуен беріп Наурызбай зор даусымен құйқылжыта ән салып келе жатады. Жігіттік желөкпелігі басылмаған Піртаза балдыздығына басып, Наурызбайды қамшысымен жосып жіберіп, шауып өте шығады. Ашуға булыққан батыр қынабынан қылышын шығарып сілтеп үлгереді. Сілтеген қылыш ауада қалқып, балаға тимей қалады. Көштің ана басы мен мына басына шауып, ойнақтап жүрген ерке баласына Марал ишан:

– Піржан-ай, ойныңнан өрт шығып кете жаздады ғой. Тентек төре басыңды шауып алса, қайтер едің? Мынаны көрмейсің бе? - деп жеңін көтергенде, қылыш тиген білегінен қан сорғалай жөнелген екен.

Тарихи-діни аңыздар

Барлығы: 15 аңыз

Тағы оқыңыз