Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Қалқай ишан

Тарихи-діни аңыздар · 1 мин оқу

Ауыл-ауылды жағалап, ауру-сырқауды емдеп жүрген Қалқай ишан бірде Шыңғыс аулына қонаға ат басын тірепті. Отағасының әйелі Зейнеп балалы болып, Уәли тұқымдары қазан көтеріп, той жасап, абыр-сабыр болып жатқан екен. «Қуанышымыздың куәсі болыңыз. Аруақты адамсыз ғой баланың есімін өзіңіз қойыңыз», - депті Айғаным бәйбіше құрмет көрсетіп.

– Пай-пай, мына бала алтыннан да ауыр ғой, - деп нәрестені қолына алып тұрғанда, ишан таңданып, қызылшақаға Мұхаммедханафия деген ат қойып, батасын береді. Бертін келе ұзын шұбақ атауға тілдері келмей үй ішіндегілер “Қанаш” деп, ауыл-аймақ Шоқан деп атап кетеді. Ишанға риза болған Айғаным сұлу жанат ішіктен шапан жапса, Шыңғыс сұлтан бағалы кілемді сыйға тартып, атақты көк жорғасын қоса ұсынады. Кейінірек адам болған соң, басына пендешілік ой келіп, сұлтан өрісте жүрген көк жорғасын қайта алдырып, орнына бір уыс жүз теңгелікті санамай бергізіп жібереді. Мұны естіген Қалқай:

Тарихи-діни аңыздар

Барлығы: 15 аңыз

Тағы оқыңыз