Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Сарышолақ пен Бақи сұлу айтысы (1-бөлім)

Сарышолақ Боранбайұлы, Бақи сұлу · 2 мин оқу

Сарышолақ:
Қыздардың қызығына біз жараған,
Жақсы сөз желдей есіп, тез тараған.
Сылқылдап, бәрің кербез көрінесің,
О несі түртіншектеп, жұрт қараған?

Бақи:
Ауылдың қонған жері – Тобылғылы,
Келесің ысылдатып сыбызғыны.
Аңдамай, әлдеқалай қолдан тайған,
Сырғамды іздеп жүрмін күн ұзыны.

Сарышолақ:
Ауырды өлшейтұғын безбен еді,
Сырғаңыз күміс пе еді, жез [ден] бе еді?
Құдайым сәтін оңдап тұрғанында,
Бақ орнап, жігіт қызға кез келеді.

Бақи:
Жүрегім бір пәлені сезген еді,
Бар шығар әркімнің де көздегені.
Сұңқылдап тұра қалдың ат-жөні жоқ,
Ел құртқан дәруіш пе, кезбе ме едің?

Сарышолақ:
Жақсыны әрқашан да көз көреді,
Айтар сөз неге ғана өзгереді?
Қалқам-ау, сырғам жоқ, деп жыланасың,
Дүниеден ақылдылар безген еді.

Бақи:
Қаракер атың бар да, өзің сары-ай,
Келесің сыбызғылап, жөнің қалай?
Өзіңді таныстырсайшы сарнағанша,
Дегенше сөйлер сөздің бәрі солай.

Сарышолақ:
Әлімдегі наз бедеу,
Сұрасаң, болам бел Тілеу,
Жалтума болам содан соң,
Толқынданған боз селеу.

Бақи:
Шежіредей барлығын жіпке тізіп,
Жан екенсіз, өзіңнен сөзің қызық.
Ел кезіп, сендейлердің талайы жүр
Бірі − дұрыс, бірінің ниеті бұзық.

Сарышолақ:
Сұрасаң аты-жөнді, біздің жайды,
Сарышолақпын, баласы − Боранбайдың.
Саралап сөйлегенде өлеңдетіп,
Іші тар сіздей қыздар көре алмайды.

Бақи:
Жекейде толып жатыр нелер сахи,
Сұрасаң, менің атым − сұлу Бақи.
Жау іздеп жүретұғын Тілеу-Қабақ,
Шетінен найза ұстаған кілең ақи.

Сарышолақ:
Керекте найза аламын жауға қарсы,
Домбырамен топқа түсем нелер шаршы.
Әніме салғанымда «Тілеу-Қабақ»
Тыңдаған Кіші жүздің небір арысы.

Бақи:
Әніңді естіп жүрміз «Тілеу-Қабақ»
Көтібар өлді дейді Адай сабап.
Батыр болса, ел-жұртың қайда кеткен,
Қалмаған неге сонша арашалап?

Сарышолақ:
Бар ма еді біздің жақта өшің, кегің,
Қазымыр болар, бәлкім, түпкі тегің!
Мыстандай көпті көрген айтасың сөз,
Көтібар Маманды шапқанда ішінде бар ма едің?

Бақи:
Үлкендерден болатын қалған нұсқа,
Ән айтып, келіп қапсың біздің тұсқа.
Асаудай бас білмейтін бір езулеу,
Жігітсің-ау, шамасы, алып-ұшпа.

Сарышолақ:
Қыздарға жарасады берік ұстам,
Көңілім сіздейлерге алып ұшқан.
Дариға-ай, арман бар ма, жалғаншыда,
Өзіңді айдалада жеке құшсам?

Бақи:
Өзің сары, көрінер көзің шегір,
Ұқсайсың, саудагерге нағыз жебір.
Сұлудан дәмең бар ғой Бақи-сынды,
Қор болар сендейлермен қандай өмір?

Сарышолақ:
Саудам бар қыздарменен оңашада,
Батар ем оңашада тамашаға.
Кірпідей жиырыласың, түгің шығып,
Сұлуым, бұл өзіңе жараса ма?

Шегір болар жігіттің арыстаны,
Қалушы ед өлең сөзде жарысқаны.
Түніменен дөңбекшіп, іздегеннің,
Жақсы емес пе оңаша табысқаны?

Бақи:
Қалмады-ау, мына Тілеу соңымыздан,
Күн орнына түн туар оңыңыздан.
Сөзіңді естіп қалса ағаларым,
Таспа тілер, шырқыратып жоныңыздан!

Сарышолақ:
Сол ма еді келетіні қолыңыздан,
Таспа емес, арқан шығар қоңымыздан.
Ауылың, қорғаштаса ағаларың,
Қалайша құтылмақшы кәрі қыздан?!

Бақи:
Не дейді Тілеудің бұл сауысқаны,
Шіркіннің келмей жатып жабысқаны.
Ыза боп тұрғанымда жайым кетіп,
Жақсы еді ғой жағыңның қарысқаны.
Сөзімде болмаушы еді әсте бүкпе,
Жетпей қал салауатты кәрілікке.
Ақынға сен сияқты қарамаймын,
Көңілім алып ұшар ірілікке.

Айтыстар

Барлығы: 832 айтыс

Тағы оқыңыз