Төле баланың түлкі дауына айтқан билігі
Төле би · 1 мин оқу
Елдің Қазығұрт тауының бөктеріне көшіп-қонып жатқан көктеу кезі екен. Бір күні Төленің әкесі Әлібек биге екі даугер жүгініске келіпті. Біреуі:
– Қырдан қуып індеткен түлкіме мынау таласып бермейді. Екіншісі:
– Сыртынан жүні жетілсін деп бағып жүрген түлкім еді, оның үстіне жер де, ін де менікі, демек түлкі де менікі.
Екеуі осылайша біраз дауласады. Әлібек би даугерлердің сөздерін тыңдап болған соң, баласына сілтеп, мұның билігін Төле берсін дейді. Даугерлер Төлеге келсе, ол бір шыбықты ат қылып далада «айт, шулеп» ойнап жүр екен. Алдына келіп дауларын баяндаған соң бала:
– Түлкі арлан болса, сенікі, – дейді, «қырдан қуып келіп індеттім» деген жігітке.
– Ұрғашы болса сенікі, – дейді «жер менікі» деген жігітке. Баланың бұл билігіне түсінбей әлгілер әкесіне қайтып келеді.
– Балаңыздың сөзіне түсінбедік...
– Тәлежан төресін дұрыс берген екен, – дейді Әлібек би. – Түлкінің ұланын тұз сақтайды, ұрғашысын ін сақтайды. Түлкі еркек болса, сенікі, сенің қырдан куып келіп індеткенің рас, түлкі саған тиеді, ал ұрғашы болса, жер иесі саған тиеді.