Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Он бес жасар Төленің жайылым дауын шешуі

Төле би · 1 мин оқу

Ертеде Шу өзенінің Балқашқа жақын жайылым алқабына үйсін мен арғын тайпаларының белді бектері таласыпты. Екі жақтың да билері бас қосып, кеңесіп, бәтуаласа алмайды. Көпшілікке еріп барған он бес жасар Төле билік айтушыларға көңілі толмайды. Ол:

– Ақты ақ деп бағалар!

О, игі жақсы ағалар!
Өзегі талса ел біткен,
Өзен бойын жағалар, –
деп сөз бастай бергенде:

– «Ата тұрып, ұл сөйлегеннен без, ана тұрып қыз сөйлегеннен без» деуші еді. Мына бала кім өзі? – дейді, төрде отырған би. Төле қасқая қарап тұрып:

– О, би ата, он үште отау иесі демес пе, Кінәлімін бе, келіп қалсам он беске? Сөз сөйледім, бұйыра көрмеңіз айыпқа, Алакөз болу ағайын адамға лайық па? – деп, бір тоқталады да, төрде отырған биге былай деп сауал қояды:

– О, игі асқар тауымыз, Әділ ме осы дауымыз? Жар астында тұрғанда, Жасырынып жауымыз?

Сонда әлгі би:

– Қой асығы демеңдер, Қолыңа жақса сақа ғой. Жасы кіші демеңдер, Ақылы асса аға ғой. – деген ғой, балам, билікті саған бердім, – дейді. Бала Төле жұлып алғандай:

– Сары табақтан сарқыт қайтады деген. Билікті маған берсеңіз, Шу өзенінің оң жағын үйсін, сол жағын арғын жайласын, бұған қалай қарайсыздар? – дейді. Бұл шешімге екі жақ та риза болып, бітімге келеді. Сонда төрдегі би:

– Үй баласы ма деп едім, Ел баласы екенсің. Ай маңдайлы арысым, Талабың алдан өтелетін. Ауылыңның таңы бол, Маңдайындағы бағы бол! – деп бала Төлеге бата берген екен. Осыдан бастап Төленің аты шығып, ел арасындағы дау-жанжал, келіссөзге араласып, билік айта бастапты.

Шешендік сөздер

Барлығы: 103 шешендік сөз

Тағы оқыңыз