Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Сырымның сыннан өтуі

Сырым Датұлы · 1 мин оқу

Айшуақ, Есім хандардың тұсында Сырым жаңа атағы шығып келе жатқан жігіт екен. Хандар мен билер Сырымды сынамақ болып бір жиында Сырымды табақ тартып, ет жасау жұмысына қосады. Ол күнде өлген адамға бірнеше мал сойып байлар ас береді екен. Сырым еттіжасағанда хандар мен билерге, төрелер мен байларға, балалар мен әйелдерге ішек-қарыңды бірдей етіп табаққа салады. Хандар билер, байлар:

– Бұл табаққа ішек-қарын салған кім? – деп Сырымды шақыртып алып, – табаққа ішек-қарын салып, бізді әйел дедің бе, немесе мазақ еткің келді ме? Бұл үшін сені айыпқа бұйырайыз, – дейді. Сонда Сырым:

– Еркек әйелден шығады, ет ішек-қарыннан шығады. Егерде менің айтқаным дұрыс болса кімдер айыпты болар екен? – дейді.

Әкімдер сөзге еш нәрсе дей алмайды. Сырымды іштері нен жаратпай қалады.

Шешендік сөздер

Барлығы: 103 шешендік сөз

Тағы оқыңыз