Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Сырымның Мөңкені жеңуі

Сырым Датұлы · 2 мин оқу

Сырымға бір жолаушы «Шекті елінің бір малшысы сізге «бере сал» деп еді,:—деп екі жапырақ ескі шүберек береді. Сырым шүберекті Тана Қоске би мен Бөкен биге көрсетеді. Сонда Бөкен би былай дейді:

– Мынаны шаршылап кесіпті-ау! Шаршының шеті екен. «Басым байлаулы, аяғым тұсаулы» дейді ғой шамасы. Мынаны үшкілдеп кесіпті, көйлектің шеті-ау, сірә! Адамның тәніне көйлектен жақын не бар? Сенің тәнің, ренің сүйегің-мін дейді ғой!

– Бұл біздің елдің шектіде қорлық-кемдікте жүрген бір әйел адамы болар. Сырым, сен барып алып қайт. Көзіңе шарапшын ки, қарт-жас екеніңді білдірме, айтыса қалса Мөңкенің алдына бар, – дейді Қоске қарт.

Сырым шекті еліне барып, «осы елге бір қарындасым еріксіз кеткен екен, алыр қайтайын деп келдім» деген соң, шектінің билері: «Адамыңның ата-тегін, аты-жөнін айт» дейді. Сырым атай алмайды. «Ендеше, саған ел аралатпай-мыз, адам бермейміз» – дейді. Сырым айтысып Мөңкенің алдына барады. Мөңке:

– Сырым, қуып келгенің қара дау екен, қараңғы билік беремін, – депті.

– Разымын, – дейді Сырым.

– Сырымға киіміндей киім кигізіп, атындай ат мінгізіп, қырық жігіт қосыңдар. Сырымның қарындасының қасына бір түсті киіндіріп қырық қыз-келіншек қойындар. Аулына барғанда қарындасы ағасын танып атын ұстаса, қарындасын қайырындар, жаңылса жазығы өзіне, адам бермеңдер, – деп билік қылады.

Сырым қырық кісімен аулына жетіп барғанда:

– Батыр ағам, аман келдің бе? – деп қарындасы Сырымның шылауына орала кетеді.

Бұл – Байұлынан шектінің ұрылары барымтаға әкеткен Дәуіт қызы Нұрғаным еді. Мөңке би Нұрғанымнан:

– Сен осынша көптіңішінен ағаңды қалай таныдың? – дегенде:

– Басқа жігіттер аударысып ойнап келеді екен, менің ағам төмен қарап мұңайып келеді екен, – депті.

Қырық қыз-келіншектің ішінен қарындасыңды. «сен қалай таныдың, – дегенде:

– Мең қыз-келіншектердің киіміне емес, өңіне қарадым. Қарындасымның өңі сынық, назары пәс екен, – депті Сырым.

Сырым көзінің шарапшынын шешкенде:

– Бала, қара дауға жастай үйір екенсің, ұзақ жасамассың, – деп Мөңке жас адамнан жеңілгенін ауырлап, жантая қеткен екен.

Шешендік сөздер

Барлығы: 103 шешендік сөз

Тағы оқыңыз